{metadescription}
Әйелінің үйді жина дегеніне жынданған еркек оны тұншықтырып өлтірмек болды

Әйелінің үйді жина дегеніне жынданған еркек оны тұншықтырып өлтірмек болды

Алтай өлкесіне қарасты Кош-Агач ауданының тұрғыны әйелін тұншықтырып өлмірмек болды.

Күйеуінің мұндай қадамға баруына әйелінің одан "Үйді жинап шықшы" деген өтініші себеп болған. Еркек әйелін тұншықтыруға тырысып ғана қоймай,  "үй жинашы" деген сөзі үшін өлтіремін деп қорқытқан. Бұл оқиға жайлы ақпарат сол аймақтың ішкі істер министрлігі басқармасының сайтында жарияланды.  

Ведомства дерегінше, әйел үй жинаудан бас тартып, күйеуіне "Үйді жинап шықшы!" деп өтініш айтады. Бұған ашуланған еркек әйелін қабырғаға тақап, қылқындыра бастаған. Арада біраз уақыт өткенде сабырға келіп, аулаға шығып кеткен. Күйеуінің шығып кеткенін ұтымды пайдаланған әйел полицияға хабарласқан.

Қазір әйелге тап берген күдікті ұсталды. Ол әйеліне неге мұндай қысастық қылғанын түсіндірді. Осы іске байланысты қылмыстық іс қозғалды.

Дереккөз: Skifnews.kz 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде