{metadescription}
«10-11 жастағы бала құлдыққа сатылады» деген хабарлама жұртты шошытты

«10-11 жастағы бала құлдыққа сатылады» деген хабарлама жұртты шошытты

Бішкек қаласының хабарландырулар қызметінде «10-11 жастағы бала 200 сомға сатылады» деген хабарлама жарияланды.

Хабарландыру Lalafo сервисіне шықты. Осы хабарламадан кейін әлеуметтік желілерде отырған халық дүрлігіп кетті. Сервистің өкілі Екатерина Светачева 10-11 жастағы баланың 200 сомға (шамамен 1000 теңге) сатылатыны туралы хабарламаның жарияланғанын растады. Алайда оны көп ұзамай, алып тастапты. Себебі оны екінші сынып оқушысы ойнап шығарған.

«Бала бәрін ойнап істеген. Өзі кітап пен жапсырмаларды сатумен айналысады екен. Оның аккаунты бойынша барлық хабарландыруды қарасаңыз, оқушының ойнап істегенін байқауға болады. Өкінішке қарай, кімнің фотосын салғанын білмейміз. Біз оған хабарлама жаздық. Бірақ ол жауап берген жоқ», - деді Светачева.

Оның сөзіне қарағанда, осы оқиғадан кейін Lalafo-да модерация талаптары күшейтіледі. Ал Бішкек қаласының милициясы тексеріс шараларын бастағанын хабарлады.

Дереккөз: Sputnik

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.