{metadescription}
Бокстан әлем чемпионы Бекзат Нұрдәулетов әскерге аттанды

Бокстан әлем чемпионы Бекзат Нұрдәулетов әскерге аттанды

Бокстан әлем чемпионы Бекзат Нұрдәулетов әскер қатарына қосылды.

Нұрдаулетов Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының Ақтау қаласындағы № 6656 әскери бөлімінде әскери борышын өтейді. Боксшы әскери қызметін спорттық мансабымен үйлестіре отырып, қатардағы жауынгер қызмет атқарады. Еске сала кетейік, Бекзат Нұрдаулетов 81 келі салмақта былтыр чемпион атанды. Сондай-ақ Ұлттық Олимпиада комитеті өткізетін «Алтын Самғау 2019» сыйлығында ол өткен жылғы ең үздік спортшы деп танылды.

Боксшылар арасында Данияр Елеусінов, Елдос Сметов және Василий Левит Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланы командасының аға спорт инспекторлары және лейтенант атағын алған. Денис Тен Алматыдағы 7552 Ұлттық ұланның әскери бөлімінде әскери борышын өтеп, келісімшарт бойынша қызметінде қалды. Ол Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының спорт командасында аға нұсқаушы болды.

Айта кетейік, Қазақстандық боксшы Бекзат Нұрдәулетов Ресейдің Екатеринбург қаласында өткен 2019 жылғы әлем чемпионатында алтын медаль жеңіп алды. 22 жастағы қазақ жігіті төрт дүркін әлем чемпионын ойсырата жеңді.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

17 ақпан

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде