Арты өлімге алып келетін қытайлық вирус енді АҚШ-қа жетті
Қытайда пайда болып, жаппай таралып жатқан індет енді АҚШ-қа жетті.
10:38 22.01.2020
Коронавирустың жаңа түрі тудыратын ауруды жұқтырған адам Вашингтон штатының тұрғыны екен. Бүгінгі күні науқастың жағдайы тұрақты. Washington Post басылымының мәліметінше, ол Қытайдан жақында ұшып келген. Ауру туралы айтыла бастаған кезде АҚШ билігі Қытайға сапар шегіп келген азаматтардың денсаулығын тексере бастапты.
Бұл туралы америкалық денсаулық сақтау басқармасы өткен аптада мәлімдеген. Сөздерінше, олар Ухань қаласынан келген барлық адамдарды медициналық сараптамаға жіберген. Қазіргі уақытта АҚШ билігі Нью-Йорктің, Сан-Франциско мен Лос-Анджелестің әуежайларын қатаң медициналық бақылауға алыныпты.
Еске сала кетейік, Қытайда пайда болған вирус құрбандарының саны алты адамға жетті.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!