Қарсыласының әрекетіне көңілі толмаған Қуат алаңда төбелес шығара жаздады
Кездесу ресейлік клубтың жеңілісімен аяқталды.
11:04 22.01.2020
Есеп 2:3. Исламбек Қуат екінші таймды толықтай алаңда өткізді. Қазақстан құрамасы мен ресейлік "Оренбургтың" жартылай қорғаушысы Исламбек Қуат болгариялық "Славиямен" жолдастық матч кезінде жанжал шығарды. Ойынның 78-ші минутында Қуат жерге құлаған қарсыласынан допты алып қоймақ болады. Осы кезде оны "Славияның" өзге ойыншысы итеріп жібереді. Жанжал ұзаққа созылған жоқ.
Ресейлік клуб 2:3 есебімен жеңілді. Қуат екінші таймды толықтай алаңда өткізді. Бұл қазақстандық футболшының ресейлік премьер-лига клубындағы осымен екінші ойыны.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!