Диван сатып алған ер едам ішінен қыруар ақша тауып алды
АҚШ-тың Мичиган штатының тұрғыны ескі диванның ішінен 43 мың доллар тауып алды.
16:20 22.01.2020
64 жастағы Говард Кирби өткен жылдың соңында комиссиялық дүкеннен ескі диванды 35 долларға сатып алды. Кирбидің айтуынша, оның келіншегі отыруға тым ыңғайсыз диванды сөгіп, реттемек болады. Ал оның ішінен жұмсақ материалға оралған қорап шығады. Оның ішінен 43 000 доллар (қазіргі курспен 16 254 000 теңге) шықты. Ол ақшаны 100 және 50 долларлық купюрамен буып тастапты.
"Құдды түс көріп отырғандай болдық", – дейді Говард басынан өткен оқиға туралы.
Кирби алдымен адвокатпен кеңесті. Заңгер диваннан шыққан ақшаны өзіне қалдыруға болатынын айтқан. Алайда Кирби олай жасаған дұрыс емес деп шешті. Сөйтіп, алдымен комиссиялық дүкенге хабарласқан. Сол арқылы диванның бұрынғы иелерін тауып алды.
Диванның бұрынғы иесі Ким Фаут-Ньюберри есімді әйел адам болып шықты. Мүлік оның 2019 жылы өмірден өткен атасының меншігі екен. Осылайша, Кирби барлық ақшаны иесіне қайтарып берді.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!