{metadescription}
Ми жұмысын жақсартудың оңай тәсілі анықталды

Ми жұмысын жақсартудың оңай тәсілі анықталды

Канаданың Батыс Онтарио университетінің ғалымдары күнде 20 минуттан аса уақыт бойы жаяу жүру ми қызметін жақсартады деген тоқтамға келді.

Зерттеушілердің айтуларынша, жаяу серуендеудің ықпалы бір шынаяқ кофе беретін әсерге тең. Канадалық ғалымдар жүргізген тәжірибеге 30 кофе сүйер азамат пен ыстық сусынды мүлдем ішпейтін 29 тұрғын қатысыпты. Еріктілердің жартысы зерттеу барысында тек кофе ішсе, келесі жартысы сусынды қабылдаудың орнына аэробикалық жаттығулар жасаған. Осыдан кейін олардың барлығының есте сақтау қабілетіне жауапты ми бөлігіне бақылау жүргізіліпті. 

Нәтижесінде дене жаттығулары немесе жаяу серуендеудің миға деген жағымды ықпалы кофенің ілгерінді әсерінен жоғары екендігі анықталыпты. Ғалымдардың сөздерінше, зерттеудің қорытындылары кофе ішкен ағзасына жақпайтын адамдарға таптырмас дүние екен. Бұған қоса олар ыстық сусынды шамадан тыс қабылдаудың да зияны бар екендігін ескертті. 

Дереккөз: Stan.kz

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде