Алматыда екі адамның өмірін жалмаған жол апаты орын алды
Алматыда сұмдық жол апатынан екі адам қаза болды.
08:00 23.01.2020
Жол апаты Райымбек және Розыбақиев көшелерінің қиылысында орын алған. Куәгерлердің сөзінше, LADA Granta көлігінің жүргізушісі темір тұлпардың тізгініне ие бола алмай қалған. Салдарынан жоғары жылдамдықпен келе жатқан көлік жол шетіндегі ағашты сындырып өтіп, бетон қоршауға барып соғылған.
Тас-талқаны шыққан көлікте болған жүргізуші мен жолаушы сол мезетте жан тапсырыпты.
Еске сала кетейік, Ислам мемлекетінің 8 жасар баласы нигериялық азаматты өлтіргенін жазған болатынбыз.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!