Ақмола облысында кран басындағы қауға құлап, бір адам мерт болды
Екі жұмысшы 16-18 метр биіктіктен құлады.
13:03 23.01.2020
Ақмола облысында кранның биік басындағы қауға құлап, бір адам мерт болды. Облыстық төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, оқиға 22 қаңтарда Степногорск қаласында болған. Кранның биік басындағы қауға ішінде екі жұмысшы отырған өздігінен қозғалатын мұнараға құлады.
Салдарынан олар 16-18 метр биіктіктен құлады, 32 жастағы монтажшы қайтыс болды, ал 45 жастағы дәнекерлеуші ауыр жағдайда ауруханаға жеткізілді. Оның қабырғалары, жамбасы сынған, сол аяғының тобығы шыққан, ішек-қарнына да зақым келген. Ол жансақтау бөліміне жатыр.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!