Мұрнынан айырылған нәрестенің анасына бір миллион теңге төлейтін болады
№2 Ақтау қалалық соты облыстық перинаталды орталықтың басшылығына қатысты үкім шығарды.
13:06 23.01.2020
Перзентхана мұрнынан айырылған баланың анасы Бақыт Бекназароваға бір миллион теңге төлейтін болады. Бақыт Бекназарова баласына еміне деп 10 миллион теңге төлеуді талап етіпті. Оның ұлы шала туып, арнайы демалу аппаратына қосылған екен. Тексеру барысымен айналысқан комиссия медициналық орталықтың қызметкерлері құрылғыны дұрыс орнатпағанын анықтапты. Салдарынан нәрестенің мұрын тіндері жұмыс істемей қалған. Сот сәбидің анасына бір миллион теңге төленсін деген тоқтамға келіпті.
"Сот айтылған мәселелерді, айғақтар мен баланың анасының шағымын ескере отырып, материалдық шығын ретінде бір миллион теңге төлеуді тағайындады", - деп мәлімдеді Ақтау сотының төрағасы Рақымжан Бәйсенов.
Сот алқасы шағымданған ананың арызын жартылай ғана қанағаттандырған. Бұл жағдайда сот ананың да кінәсін ескеріп өткен. Перинаталды орталық қызметкерлері босанған ананың тазалық гигиенасын сақтамағанын жеткізіпті. Соған байланысты нәресте ағзасына инфекция түсіп, оның иммунитетіне әсер еткен.
"Сот шешімі шықты, маған 1 миллион теңге төленетін болады. Бірақ мен бұл үкімге риза емеспін. Менің баламды емдету үшін миллион теңге жетпейді. Перхентхана тарапынан бізге жәрдем жасалған жоқ. Менің балама бірнеше ота жасау керек. Ең соңғы ота ұлыма 14 жаста жасалауы қажет. Қараптан-қарап баламды мүгедек етті. Сау туған бала, ауруға айналды. Бұған қоса мені кінәлап отыр. Инфекция мен арқылы жұққан дейді. Мен ауырмадым, мен екі сау баланы босанғанмын, тексерілуге дайынмын. Мен "Диззи" ішіп, балама ішек инфекциясын жұқтырыппын-мыс. Ұлым мұрнынан газды сусынның кесірінен айырылған жоқ. Сол үшін мен апелляцияға беріп, қылмыстық сотқа жүгінемін", - деді Бақыт Бекназарова.
Нәресте қазір Маңғыстау облысының ауруханасында жансақтау бөлімінде жатыр. Дәрігерлер оның жағдайы ауыр, бірақ тұрақты деп отыр.
"Сәбидің жағдайы ауыр, олжасанды тыныс алу аппаратына қосулы. Оның өкпесі дұрыс дамымай қалған, 3 дәрежелі бронх пен өкпе дисплазия диагнозы қойылған. Біріншіден, нәресте шала туған. Оның бұған дейін айтылған диагнозына қоса жоғары тыныс алу жолдары мен дауыс тіндерінің стенозы қосылуда. Бұған себеп - баланың тыныс түтігіне ылғи қосылып тұруы. Өздігімен ол екі күннен астам демала алмайды. Оған қоса жасанды тыныс алу басқа да қиыншылықтарға әкеп соғуы мүмкін. Атап айтсақ, жасанды тыныс алуға үйренген өкпе өзінің созылғыштығын жоғалтуы мүмкін. Біз Алматы және Нұр-Сұлтан қалаларының дәрігерлерімен кеңесіп тұрамыз. Олар ем жүргізу тәсілдеріне нұсқаулық беріп отырады", - деді Маңғыстау облыстық балалар ауруханасының бас дәрігер міндетін атқарушы Гүлжан Ермекбаева.
Дәрігерлер алдағы уақытта не боларын айта алмайыз дейді. Дегенмен қолдарынан келген нәрсенің барлығын жасап отырмыз деп сендірді олар.
Еске сала кетейік, Мұнайлы ауданындағы перинаталдық орталықта арнайы аппаратқа қосылған сәбидің мұрны бір түн ішінде шіріп түсіп қалды.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!