Алматыдан 466 км қашықтықта жер сілкінді
2020 жылдың 23 қаңтарында 10 сағат 52 минут 37 секундта зілзала тіркелді.
13:40 23.01.2020
ҚР Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитеті Сейсмологиялық тәжірибе-әдістемелік экспедициясы Сейсмикалық стансалар желісі 2020 жылдың 23 қаңтарында 10 сағат 52 минут 37 секундта зілзала тіркеді.
«Зілзала ошағы Алматы қаласының оңтүстік-шығысында 466 шақырым жерде Қытай аумағында орналасқан. Энергетикалық санаты - 10,7. MPV магнитудасы – 4,3. Тереңдігі – 15 шақырым. МSК-64 бағаны бойынша сезілу туралы мәліметтер жоқ», - делінген ақпаратта.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!