Бүтін бір отбасы иіс тиіп қаза тапты
Қырғызстанның Созақ ауданы, Қызыл-Сенир ауылында 33 жастағы келіншек екі баласымен иістен уланып қаза тапты.
14:40 23.01.2020
Бұл жөнінде аудан әкімі Эрмек Омошев хабарлады. Оның сөзінше, қайғылы оқиға 20 қаңтарда болған.
«Түнде болған. Пеште көмір болған. Көршілер бір күн бұрын есікті қаққанын, бірақ ешкім ашпағанын айтады. Ешкім білмегендіктен олардың денесі екі күн бойы жатып қалды», - дейді Омошев.
Күйеуі Ресейде еңбек мигранты болып жұмыс істейді. Балалары 7-де және 5-те болған. 2019 жылдың ақпан айында Талас облысында иістен уланып анасы мен қызы қайтыс болған.
Дереккөз: centralasian.org
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
Серіктестер жаңалықтары