Аустралияда өртті өшірмек болған ұшақ апатқа ұшырады
Аустралияның құтқару қызметі орман өрттерін сөндірумен айналысатын ұшақ елдің оңтүстік шығысындағы Жаңа Оңтүстік Уэльс штатында апатқа ұшырады.
15:17 23.01.2020
Салдарынан үш адамның қаза тапқанын мәлім етті. Бейсенбі күні жергілікті өрт сөндіру қызметі Сноуи Монаро ауданына бағыт алған ірі әуе танкерімен байланыстың жоғалғанын хабарлады. Басылымның мәліметінше, C-130 Hercules әскери-көлік ұшағының сынықтары штаттың оңтүстігіндегі Кума қаласына жақын жерден табылды.
Жаңа оңтүстік Уэльс штатының ауылдық өрт сөндіру қызметінің комиссары Шейн Фицсиммонс оқиғаның себеп-салдары әлі анықталмағанын айтты. 2019 жылдың қыркүйегінде басталған табиғат өрттерінен Аустралияда миллиондаған гектар жер өртенді, жалын 27 адамның өмірін қиды. 2 мыңнан астам үй қираған. Сидней университетінің бағалауы бойынша 1 миллиардтан астам жануар қырылған.
Дереккөз: ҚазАқпарат
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!