{metadescription}
Шымкентте көлік жүргізушісі полицейді 3 шақырымға сүйреп кеткен

Шымкентте көлік жүргізушісі полицейді 3 шақырымға сүйреп кеткен

Т.Рысқұлов көшесі бойында Mitsubishi Galant автокөлігін тізгіндеушісі мас күйде көлікке отырып, Audi-80 маркалы көлікпен жол-көлік апатына ұшырады.

Анықталғандай, Mitsubishi Galant жүргізушісі мас болған. Оқиға орнына полиция қызметкерлері келген. Жол сақшысы "Mitsubishi Galant" жүргізушісінен құжаттарын көрсетуді сұрайды. Алайда ер адам бас тартып, оқиға орнынан ізін суытпақ болған.  Ол көліктің жүруін бөгеген полицейді қағып, капотында үш шақырымға тасыған. Құқық бұзушы полицейлерден қашып құтыла алмады.Ол сол мезетте ұсталып , оны патрульдік полиция полкінің 7-ротасының қызметкерлері бірден медициналық куәландыруға жеткізді.

31 жастағы құқық бұзушыға қатысты  380-бап 2-бөлімі  (билік өкіліне қатысты күш қолдану) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде. Сондай-ақ қылмыстық кодекстің  610-бап 1-бөлімі (көлiк құралдарын, жүктердi, жолдарды, жолдағы және басқа да құрылысжайлардың немесе өзге де мүлiктiң бүлінуіне алып келген, материалдық залал келтiрген көлiк құралдары жүргiзушiлерінiң жол жүрісі қағидаларын бұзу)  бойынша әкімшілік хаттама толтырылды.

Қазір ол Шымкент қаласы полиция департаментінің уақытша ұстау изоляторында қамауда отыр. Жүргізушінің көлігі айып тұрағына қойылды. Полицей зардап шеккен жоқ.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде