БҚО-да 7-сынып оқушысы асылып қалды
Батыс Қазақстан облысының полиция басқармасы Бөкейорда ауданында оқитын оқушының өзін-өзі өлтіру фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады.
20:28 23.01.2020
БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, оқиға 20 қаңтар күні Бөкей ордасы ауданы Саралжын ауылында болды. Кешке қарай адам тұрмайтын үйдің ауласындағы сарайда 2006 жылғы бала асылып қалған. Дерек өзіне-өзі қол жұмсау ретінде тіркелді.
Бөкей ордасы аудандық полиция бөлімі оқиғаның себебі мен мән-жайын тексеруде. Ер баланың Қ.Сағырбаев атындағы орта мектептің 7-сыныбында оқыған. Марқұмның отбасында төрт бала екендігі айтылған. Көз жұмған бала жалғыз ұлы болды. 23 қаңтарда жасөспірім жерленді.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!