{metadescription}
Қызылордада екі адам такси жүргізушісін өлтірген

Қызылордада екі адам такси жүргізушісін өлтірген

Қызылордада такси жүргізушісін пышақтап өлтірген екі тұрғын 16 жылға сотталды.

Бұл оқиға былтыр жазда болған. Қызылорда қаласында тұратын екі ер адам алдымен сыра ішкен. Содан кейін «Мерей» шағын ауданына барып көңіл көтеруді жалғастырмақ болады. Ол жақтан үйіне қайтар уақытында такси ұстайды. Олар такси жүргізушісіне өздерін қаланың шеткі аймағындағы Құлтекенов көшесіне апаруын сұрайды.

Келіскен жерге жеткеннен кейін екеуі жолақыны төлеместен көліктен түсіп кетуге әрекет жасайды. Сол сәтте такси жүргізушісі жолақы төлеуді талап еткен. Бұдан кейін жанжал басталады. Бірі такси жүргізушісін ұрып-соғып жатқан сәтте екіншісі жүргізушісінің кеуде тұсынан бірнеше мәрте пышақтайды.

«Пышақтың жүзі жәбірленушінің кеуде қуысына еніп, денсаулығына ауыр зиян келтірген. Соның салдарынан такси жүргізушісі қайтыс болған», - деді Қызылорда облысының мамандандырылған ауданаралық сотының төрағасы Асхат Сабыров.

Екі сотталушы да ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабы 2-бөлігінің 7-тармағымен, 188-бабының 2-бөлігі 1-тармағымен, 200-бабының 4-бөлігі бойынша кінәлі деп танылды. Сотталушылар 16 жылға бас бостандығынан айырылды.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде