Ақтауда оқушының анасы мектеп әкімшілігіне қарсы шағымданды
Ақтауда қызым ұстаздар тарапынан жәбір көрді дейді тұрғын.
12:12 24.01.2020
Сөзінше, қызы мен ұстаз сөзге келіспей қалған, соның себебінен мұғалім кішкентай қыздың бетіне түкіріп жіберіпті. Оқиға 22 қаңтар күні орын алған. Қыздың анасы жағдайды Ақтаудың №1 мектебінде болғанын жеткізген. Бұл туралы жеткіншектің анасы оқушының сынып жетекшісінен естіп біліпті.
"Мен мектепке келгенімде қызымды қоршап тұрған бірнеше ұстазды көрдім. Олар баламды тыныштандырғылары келіп жатқаны байқалды. Сосын мен келген соң қызым жылағанын қойды. Кейін болған жайттың мән-жайын білдім. Ұстаз қызыма ескерту жасап, орнынан тұруды талап еткен, қызым мұғалімнің айқанын істемепті. Оқытушы барып, қызымның қолын шап беріп ұстап алған. Қолындағы және иығындағы іздерді көрдім. Сосын тағы бір ұстаз келіп, екеулесіп жатып, қызымды сыртқа шығарыпты. Әрине, қызым шошып кеткен. Психологты шақырып, оны тыныштандырудың орнына мұғалімдердің барлығы жиылып алып, оны сөккен көрінеді. Сосын мектеп инспекторының көрген қызымның зәресі қашып кеткен. Одан анамды қамауға алып кетпеңізші деп жылап, өтініпті. Бұл не сұмдық?", - деп бөлісті баланың анасы Диана Шабанова.
Оқиға бейнебақылау камераларына түсіп қалған. Оған қыздың анасы 23 қаңтар күні қол жеткізіпті. Бейнежазбадан ұстаздың қыздың бетіне түкіріп жібергенін көрген оқушының анасы жағасын ұстапты.
"Маған ұстаз аузына су толтырып, қызымды сабырға келтіру үшін шашқан деп айтты. Бірақ олар жағдайды тіпті ушықтырып жіберген. Қызым өзін қорғамақ болып, әлгі ұстазды тістеп алыпты. Мәселені біржақты етулеріңізді сұраймын. Мектеп директоры оқиғаға байланысты кешірім сұрады. Бірақ қызым қатты қорқып қалған, қазір мектепке барғысы келмейді. Мен ұстаздың бұл қылығын түсінбедім. Сол күні психолог жұмысқа кешігіп келіпті. Егер ол болған уақытта жағдайдың арты дауға ұласпас еді. Ата-аналардың барлығы маған қолдаушылық білдірді. Кейін кезде қызымның көзі тартатын болыпты", - деді Диана Шабанова.
Ұстаздар өз өтірігін өздері ашып қойған сыңайлы. Олар қызға түкірген жоқпыз, ол қатты терлеп кетті деп ақталыпты. Ақтау тұрғыны кінәлі мұғалімдер жауапкершілікке тартылсын деп отыр.
"Қыз бала полицей киімін көріп, қорқып кеткен. Ол инспектордан анамды түрмеге отырғызбаңызшы деп жалыныпты. Бұл жағдай баланың психологиялық зақымның әсерге тап болғандықтан деп айтуға болады. Әйтпесе осылай болмас еді", - деп мәлімдеді ювеналды полиция инспекторы Нина Мальцева.
Жергілікті ПД оқиға қадалауға алынғанындығы жайлы жеткізді. Жағдайға байланысты материалдарды арнайы кәмелетке толмаған балалардың құқығын қорғайтын комиссия тексеретін болады.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!