Елордада сабақ тоқтатылып, жұмыс күнін қысқартуға кеңес берді
Елордалық құтқарушылар жоғары оқу орындарының студенттері үшін сабақтарды тоқтатуға, ал жұмыс берушілерге жұмыс кестесін қайта қарауға кеңес берді.
08:17 27.01.2020
Астаналық Полиция департаментінің бастығы Ержан Сәденов, қалалық ТЖД бастығы Бауыржан Сыздықов және Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің орынбасары Алтынбек Қайсағалиев ауа райының бірден нашарлауына байланысты Нұр-Сұлтан тұрғындарына үндеу жасады. Олар жоғары оқу орындарының студенттері үшін сабақтарды тоқтатуға, жұмыс берушілерге 2020 жылдың 27 қаңтарына жұмыс кестесін қайта қарап, қысқартуға кеңес берді.
«Сондай-ақ, мектепке дейінгі білім беру ұйымдарына бармаған жөн. Дегенмен, балабақшалар штаттық режімде жұмыс істеп жатыр», - делінген хабарламада.
Дереккөз: ҚазАқпарат
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!