{metadescription}
Қытайда коронавирустан көз жұмғандар саны 80-ге жетті

Қытайда коронавирустан көз жұмғандар саны 80-ге жетті

Өткен тәулікте Қытайда "өлім вирусынан" қаза тапқандар саны сексен адамға жетті.

ҚХР-ның денсаулық сақтау ісі жөніндегі мемлекеттік комитеттің мәліметінше, Хубэй  провинциясында адамдар ауыр халге түсіп жатыр, ал аурудың таралу ошағы әкімшілік орталық Ухань қаласы. Елде қауіпті вирусты жұқтырғандар саны 2 мың 794 адамға жеткен, бір тәулікте тағы 769 адамның вирус жұқтырғаны анықталған. 3,8 мың адам ауру жұқтыруы мүмкін деген күдікке ілінген, екі адам емдеу курсынан сәтті өтіп, ауруханадан шығарылған. 

Интерфакс басылымының дерегінше, соңғы тәулік ішінде аталған вирустан 24 адам көз жұмды. Олардың барлығы коронавирус тарала бастаған Ухань әкімшілік орталығында қайтыс болған.

Кеше, 26 қаңтарда мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қытайдағы коронавирустың елімізде таралуының алдын алуды тапсырды.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде