{metadescription}
Ақтөбе облысында журналистер отырған микроавтобус аударылды

Ақтөбе облысында журналистер отырған микроавтобус аударылды

Ақтөбе облысында журналистер отырған микроавтобус аударылып, 3 адам зиян шекті.

Облыс әкімдігінің баспасөз қызметі таратқан хабарлама бойынша, жол апаты 26 қаңтарда жергілікті уақытпен сағат 9.30 шамасында Әйтеке би ауданындағы Ұлғайсын ауылының маңында болған. Ырғыз ауылына бара жатқан Toyota Hiace аударылған. Апат салдарынан жүргізуші мен екі жолаушы түрлі жарақатпен ауруханаға жеткізілген. 

Артынша аталған автобусты облыс әкімдігінің арнайы журналистерге деп жалдап бергені белгілі болды. БАҚ өкілдері Шалқар ауданы әкімінің есебін тыңдауға бара жатқанда Қарабұтақ пен Ырғыз арасындағы жолда микроавтобус ұшып кетіп, үш рет аударылған. Алдын ала болжам бойынша, жол-көлік апатына ауа райының қолайсыздығы себеп. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде