Тоқаев Біріккен Араб Әмірліктеріне ресми сапармен барды
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Біріккен Араб Әмірліктеріне ресми сапармен келді, деп хабарлады бүгін ҚР Президентінің баспасөз хатшыыс Берік Уәли Facebook-тегі парақшасында.
12:48 27.01.2020
«Бүгін Қазақстан Президенті Абу-Дабидің мұрагер ханзадасы шейх Мұхаммед бен Заид Әл Нахаянмен кездеседі. Кездесуде екіжақты ынтымақтастық мәселесі кең ауқымда талқыланады. Сапар барысында БАӘ іскерлік топтарының өкілдерімен дөңгелек үстел өткізу жоспарланған», - делінген хабарламада.
Сонымен қатар Берік Уәли Қасым-Жомарт Тоқаевтың 28 қаңтарда Дубайда Біріккен Араб Әмірліктерінің Вице-президенті, Премьер-министрі, Дубай билеушісі шейх Мұхаммед бен Рашид Әл Мактуммен кездесетінін айтады. Сондай-ақ Мемлекет басшысы Дубай Халықаралық қаржы орталығына (DIFC) барып, Біріккен Араб Әмірліктері компанияларының басшыларымен кездесу өткізбек.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!