Өз балаларын аяусыз өлтірген әйел ауруханада жан тапсырды
Өз балаларын өлтіріп тастаған Пермь аймағына қарасты Кудымкара қаласының 32 жастағы тұрғыны ауруханада көз жұмды.
13:51 27.01.2020
Ол туған балаларының жанын жаһәннамға жібергеннен кейін, өз-өзіне қол жұмсауға тырысқан. Бұл оқиға жайлы жергілікті БАҚ "әйел жүрегі тоқтап қалу себебінен көз жұмған" деп жазуда.
Адам айтса сенгісіз қайғылы оқиға 23 қаңтарда болған. Көпбалалы ана бір жасқа жетіп қалған қызы мен 5 жасар ұлын өлтірген. Осы әрекетінен кейін өзі де өмірімен есеп айырыспақ болады. Оны ауыр халде ауруханаға жеткізген.
Әлгі әйелдің туған перзенттерін неліктен өлтіргені туралы нақты ақпарат жоқ. Көпбалалы ананың отбасылық-тұрмыстық жағдайы жағдайы нашар болмаған. Үкіметтің қадағалауын қажет ететін отбасылардың тізімінде жоқ.
Дереккөз: Skifnews.kz
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!