{metadescription}
Алдағы күндері 30 градус аяз болады

Алдағы күндері 30 градус аяз болады

Қаңтардың соңында күн күрт суытады.

Ауа температурасы -30 градусқа дейін түседі. Бұл туралы Казгидрометтің қысқа мерзімді болжамдар басқармасының бастығы Алуа Саханова мәлімдеді.

«Алдағы тәуліктерде, яғни 29-30 қаңтарда солтүстік-батыс антициклонның келуі күтілуде. Осының салдарынан күн суытып, қардың түсуі тоқтайды. Ауа температурасы қаңтар айындағы қалыпты деңгейде болады, түнде солтүстікте, шығыста және орталықта минус 20-30 градусқа дейін төмендейді», - деді А. Саханова Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихатында.

Алайда температураның осы деңгейде төмен болуы ұзаққа созылмайды.

«Атлантикалық циклон Ресейдің еуропалық аумағына шығуға жақындады. Осыған байланысты жылы ауа біздің батыс өңірлерге жылжи бастайды», - деді спикер.

Қаңтар айының басынан бері елордада 49 миллиметр жауын-шашын түскен, ал бір айдағы норма 16 миллиметр. Яғни бұл көрсеткіш үш айдың нормасын қамтып тұр.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде