{metadescription}
Тырнағын кеміруді әдетке айналдырған азамат өліп кете жаздады

Тырнағын кеміруді әдетке айналдырған азамат өліп кете жаздады

Шотландияның азаматы тырнағын кеміруді әдетке айналдырған.

Соның салдарынан инфекция жұқтырып, өліп кете жазадады. Бұл туралы шотландиялық азаматтың құрбысы жазыпты. Айтуынша, саусағы іріңдеп кеткен ер адамға ауруханаға баруға тура келген. 

"Ол тырнағын кеміргенде жақсы көреді", - деп жазыпты азаматтың досы. 

Тырнағының асты іріңдеп кеткен азаматқа паронихия диагнозы қойған. Дәрігерлер инфекция қолдан жоғары тарап кеткен жағдайда арты өлімге алып келетін еді деп айтқан. Олар ер азаматтың тырнағын түп орнымен алып тастапты. Алдағы уақытта тұрғынның саусағына тырнақ өспей қалуы мүмкін дейді олар. 

Дереккөз: Stan.kz

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде