Бәлішті жарысып жеген адам қояншығы ұстап өліп кетті
Тәтті бәлішті аз уақыт ішінде жеп тауысудан жарысқа қатысқан адам ажал құшты.
21:00 27.01.2020
Тәттіні обығып жеп, қарсыластарын шаң қаптырмақшы болған адам 60 жаста болған. Ол Австралияның азаматы. Жарыс кезінде бәсекелестерін жеңу үшін барын салған ол, кездейсоқ эпилепсияға ұшыраған. Бұл оқиға жарыс кезінде болыпты.
Бәліш жеп жарысу сайысы Австралия күніне арналған екен. Сайыс Квинслендтегі Херви-Бей қонақүйінде өткен.
Еске салайық, тырнағын кеміруді әдетке айналдырған азамат өліп кете жаздаған болатын.
Дереккөз: Skifnews.kz
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!