{metadescription}
Денешынықтыру және спорт саласындағы қызметкерлердің жалақысы өсті

Денешынықтыру және спорт саласындағы қызметкерлердің жалақысы өсті

Жалпы 36,4 мың адам қамтылды, оның ішінде республикалық деңгейде – 3 мың адам, аймақтық деңгейде – 31 мыңнан астам адам.

Жыл басынан бері мәдениет және өнер саласындағы 36 мың қызметкердің еңбекақысы көтерілді. Бұл туралы Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова мәлімдеді.

"Мәдениет және спорт саласындағы қызметкерлердің әл-ауқатын арттыру біздің жұмысымыздың бір бөлігі. Мемлекет басшысының Жолдауын орындау мақсатында 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап мәдениет және өнер ұйымдары жұмысшыларының еңбекақысы республикалық деңгейде 50%-ға, аймақтарда - 35%-ға көтерілді. Жалпы 36,4 мың адам қамтылды, оның ішінде республикалық деңгейде – 3 мың адам, аймақтық деңгейде – 31 мыңнан астам адам", - дейді министр.

Айтуынша, 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап денешынықтыру және спорт саласындағы қызметкерлердің еңбекақысы 2023 жылға дейін жыл сайын 25%-ға көтеріліп отырады екен.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде