Талдықорғанда студент қыз үшінші қабаттан құлап мерт болды
Талдықорғандағы гуманитарлық колледж ғимаратының үшінші қабатынан студент қыз құлап, қайтыс болды.
17:15 31.01.2020
Оқиға 31 қаңтар күні таңғы 9.30-да тіркелді. 2002 жылғы бойжеткен жедел жәрдем көлігімен Талдықорған қалалық көпсалалы ауруханасына жеткізілген. Студент емдеу мекемесінде есін жимастан көз жұмды. Қазіргі таңда қалалық полиция басқармасының қызметкерлері куәгерлерден оқиғаның мән-жайы анықтап жатыр.
ҚР Қылмыстық кодексінің 105-бабы, 2 бөлігі яғни өзіне қол жұмсауға итермелеу бойынша сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жүргізілуде. Алматы облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше толық ақпарат тергеу жұмыстары аяқталғанда белгілі болмақ.
Дереккөз: ҚазАқпарат
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!