{metadescription}
Дәмхананың шатыры құлап, бір адам қаза тапты

Дәмхананың шатыры құлап, бір адам қаза тапты

Ресейдің Новосибирск қаласында дәмхананың шатыры құлады.

Бір адам көз жұмып, төрт кісі ауруханаға жеткізілді. Қала басшысы өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында ғимарат көп адамның қатысуымен шара ұйымдастыруға арналмағанын айтты.

"Прокуратура ғимараттың қандай ұйымға тиесілі екенін анықтады. Ғимарат көп адам қатысатын шараларды ұйымдастыруға арналмаған. Оның дұрыс мақсатта қолданылмағаны белгілі болды", – деп жазды ол.

Қала басшысының айтуныша, ұйымдастырушылардың жауапсыздығы ондаған адамның өміріне қауіп төндірген. Түнгі клубтың шатыры жиналып қалған қарды көтере алмай, опырылып жерге құлаған. Барлығы ғимаратта екі жүзге жуық адам болған. Төтенше жағдай болған кезде 190 адам өздері далаға шыққан. Түнгі кештің ұйымдастырушылары ұсталды.

Дереккөз: Sputnik

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде