18 жастағы қазақстандық спортшы қайтыс болды
Жас қақпашы ауыр сырқатқа шалдыққан болатын.
10:18 03.02.2020
Астаналық "Снежные барсы" хоккей клубының ойыншысы Вилен Прокофьев көз жұмды. Бұл туралы клубтың Twitter-дегі ресми аккаунтында жарияланды. Бұған дейін 18 жастағы қақпашы Вилен Прокофьевте қатерлі ісік – Юинг саркомасы анықталған болатын. Оған өте қымбат емдеу қажет болған.
"Біз Виленнің жақындарына, достарына және оны таныған адамдарға көңіл айтамыз. Оны қолдағандарға алғыс білдіреміз", - деп жазды "Барыс" хоккей клубы.
"Барыс" хоккей клубы қараша айында қайырымдылық акция өткізіп, Вилен Прокофьевтің еміне қаражат жинаған болатын.
Дереккөз: Sputnik
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!