Қытайда коронавирустан көз жұмғандар саны 361-ге жетті
Ал індетті жұқтырғандардың қатары 16600-ге жуықтады.
11:20 03.02.2020
Бір тәуліктің ішінде 56 адам қаза болып, 2103 адамға вирус тараған.
"2 ақпан күні Қытайдың 31 провинциясынан 17 205 коронавирусқа шалдыққан науқастар туралы ақпарат келіп түсті. Олардың 2296-ның жағдайы ауыр, 361-і бақилық болды, 475-сі ауруханадан шығарылды", - делінген ресми хабарламада.
Қазір науқастармен тығыз қарым-қатынаста болған 152,7 мың адам медицина қызметкерлерінің бақылауында. Айта кетейік, Қазақстанда коронавирус күдігімен 80 адам ауруханада жатыр.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!