{metadescription}
Танымал актердің әйелі күйеуінің қол көтергенін желіде жазды

Танымал актердің әйелі күйеуінің қол көтергенін желіде жазды

Желідегі ақпараттан соң белгілі актердің адвокаттары әйеліне қарсы арыз түсірген.

Голливуд жұлдыздары ресми түрде 2017 жылы ажырасқан. Осымен бірнеше жыл қатарынан Джонни Депптің әйелі Эмбер Херд күйеуі өзіне қол көтергенін айтып отыр. Алайда актер мұны жоққа шығаруға тырысуда.

33 жастағы Эмбер Херд соттың елу алтыдағы күйеуінің өзіне жақындауына тыйым салуын сұрады. Сот бұл арызды қанағаттандырды. Бұдан соң актер де сотқа барып, бұрынғы әйеліне шағымданды. Өзіне жала жапқаны үшін әртіс 50 миллион доллар талап етіп отыр. Оның айтуынша, бірде-бір рет әйеліне қол көтеріп көрмеген.

Желіде актерлердің әңгімесінің жазбасы жарияланып кеткен болатын. Ол жерде актриса күйеуінің соққысы әлсіз болғанын айтқан. Керісінше, күйеуіне өзі қол көтергенін жасырмады. Ол ашуға ерік берген кезде ақыл-есінен айырыла жаздайтынын да жасырмаған. Бұл жазбадан соң Депптің адвокаттары зорлық-зомбылық көрсеткен адам актер емес, әйелі екенін алға тартты.

Дереккөз: Sputnik

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.