Қытайда 10 күнде аурухана салып бітірді
Қытайда вирус жұқтырғандар саны артып жатқандықтан, мемлекет билігі коронавирус ошағы саналатын Ухан қаласының орталығынан жаңа аурухананы ашуды жылдамдатпақ.
12:17 03.02.2020
«Мың орындық аурухана небәрі сегіз күнде салынды. Бұл - коронавируспен күресуге арналған екі мекеменің бірі. Қазіргі таңда Қытайда вирус жұқтырғандар саны 17 мыңнан асты. Ал коронавирустан 361 адам қаза тапты», - деп жазады басылым.
Автордың жазуынша, Қытайдан тыс жерде вирус жұқтырғандар саны - 150 адам.
«Хубэй провинциясындағы ауруханалар лық толы. Сол себепті жаңа аурухананы пайдалануға беру уақыты жылдамдатылады», - деп жазады басылым.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!