Үйлену тойына бірер сағат қалғанда қалыңдық көз жұмды
Шотландияның Карнуэт ауылының тұрғыны үйлену тойына бірнеше сағат қалғанда қаза тапты.
12:53 03.02.2020
42 жастағы Хэзел Джекке алты жыл бұрын сүт безінің метастатикалық рагы деген диагноз қойылған. Аяғы ауыр болған кезде бала үшін қауіпсіз химиотерапия жасалған. Қазір бала 3-те. 22 қаңтар күні дәрігер сырқаттың енді емделмейтінін хабарлаған. Өйткені ол терминалды кезеңге өткен. Өзінің тек санаулы күн өмір сүретінін білген әйел соңғы тілегін айтыпты. Ол 42 жастағы сүйіктісіне тұрмысқа шыққысы келетінін жеткізген.
Қалыңдықтың достары әлеуметтік желіде үйлену тойын өткізуге жұрттан көмек сұрады. Той Биггар қаласында өтуі тиіс болатын. Алайда сол күні таңертең әйел көз жұмды.
"Үйлену тойына қаражат жинап, қолдаған адамдарға алғыс білдіреміз. Той болатын жерде қоштасу рәсімі өтеді. Бәріңізді күтеміз", — деп жазды әйелдің әпкесі.
Дереккөз: Sputnik
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!