{metadescription}
Қазақстанда бес адам теракт жасамақ болған

Қазақстанда бес адам теракт жасамақ болған

Қарағанды мен Таразда лаңкестікке қатысы бар деген күдікпен 5 адам ұсталды.

Деструктивті діни ағымның бес ізбасары қамауға алынды, деп хабарлайды  ҚР ҰҚК баспасөз қызметі.

"2020 жылы 27 қаңтарда ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті Қарағанды ​​мен Таразда лаңкестік күдігімен деструктивті діни ағымның бес ізбасарын ұстады, олар сот санкциясымен екі айға қамауға алынды. Олардың бәрі бұрын ауыр және аса ауыр қылмыстар бойынша сотты болғандар", - деп атап өтті департаменттегілер.

Бұл адамдарға қатысты ҚР Қылмыстық кодекстінің 257-бабы, яғни "Террористік топты құру, оған басшылық ету және оның қызметіне қатысу", сондай-ақ 256-бап, яғни "Терроризмді насихаттау" бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу болжамы бойынша, топ Қазақстан аумағында, соның ішінде адамдар көп жиналатын жерлерде террористік акт жасау мақсатында құрылған. Тергеу жалғасады.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

20 наурыз

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде