Бір айға жуық жоғалып кеткен отбасы табылды
Алматы облысында бір айға жуық уақыт хабар-ошарсыз кеткен жас отбасыны өңір полицейлері іздеп тапты.
17:19 03.02.2020
Ерлі-зайыптылар Көксу ауданындағы ата-анасына қонаққа барып, Семей қаласына қайта шыққан бағытта жоғалып кеткен. Жас отбасы жаңа жылды ата-анасымен бірге қарсы алуға Көксу ауданына қонаққа келіп, 6 қаңтар қайта жолға шыққан. Байланысқа шықпағаннан кейін ата-анасы Көксу аудандық полиция бөліміне арыз түсіреді. Отбасы 20 күннен астам уақыт республикалық іздеуде болған.
"Із-түссіз жоғалғандардың суреті бар бағыттамасы барлық полиция жасағына жіберілген. Отбасылық жұптың жүрген жолы толық тексерілген. Нәтижесінде Көксу аудандық полиция бөлімінің мамандары облыстық департамент қызметкерлерімен бірлесіп, олардың (Ақсу ауданы) ізіне түскен. Осы уақыт бойы отбасылық жұп өз таныстарының қыстауында болған, олар сонда жұмысқа орналасуды ойлаған. Екеуі де сау және денсаулығына еш зиян келмеген", - деді Алматы облыстық ПД баспасөз қызметінің өкілдері.
Қазіргі уақытта жастар ата-анасымен кездесті.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!