Коронавирусты тез емдеудің жолы табылды
Жергілікті аурухана дәрігері 48 сағатта қытайлық вирустан егде жастағы әйелді айықтырды.
21:00 03.02.2020
Дәрігер небәрі екі препаратпен емдеген. Бұл туралы Тайландтың денсаулық сақтау министрлігіне сілтеме жасап CNN хабарлады. Бангкоктағы Раджавити ауруханасының дәрігер қытайлық 71 жастағы пациентті емдеді.
Ол Лопинавир/Ритонавир ЖИТС-ке қарсы препарат пен тұмауды емдеуге арналған озельтамивирдің көбірек дозасын араластырып әзірледі. Нәтижесінде науқастың жағдайы 48 сағат ішінде жақсарған. Дәрігердің айтуынша, ем қабылдаған науқастық тыныс алу жүйесінде вирустың ізі қалмаған.
Дереккөз: Baq.kz
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!