{metadescription}
СҚО-да екі көлік соқтығысып, бір адам ауыр халде жатыр

СҚО-да екі көлік соқтығысып, бір адам ауыр халде жатыр

Солтүстік Қазақстан облысында «ГАЗ 3309» көлігі мен «МАН» жүк көлігі соқтығысып, соның салдарынан бір адам ауыр халде ауруханаға жеткізілді.

СҚО Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, оқыс оқиға бүгін сағат 17.00 шамасында «Петропавл-Жезқазған» автожолының Бескөл ауылы маңында болған. «ГАЗ 3309» көлігі мен «МАН» жүк көлігі соғылып, соның салдарынан бірінші машинаның жүргізушісі темір құрсауда қалады.

Апат орнына өрт сөндіру және апаттан құтқару қызметінің құтқарушылары жетіп, зардап шегушіні майысқан кабинадан деблокация әдісімен, яғни темірді кесіп алып шықты. Мамандар зардап шеккен 52 жастағы азаматты көліктен 20 минут шамасында алып шығып, күтіп тұрған жедел жәрдем қызметіне тапсырды.

Дереккөз: ҚазАқпарат

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде