{metadescription}
0:000:00

Қазақстандық боксшы Венгриядa қарсыласын нокдаунға жіберді

Венгрияның Дебрецен қаласында Иштван Бочкаиді еске алу халықаралық турнирі өтіп жатыр.

Қазақстандық боксшы Дамир Тойбай Дебрецендегі (Венгрия) халықаралық Иштван Бочкаи мемориалдық турнирін айқын жеңіспен бастады. Aса ауыр салмақтағы (91 келіден жоғары) боксшы Дамир Тойбай турнирде өзінің бірінші жекпе-жегін өткізді. 1/16 финалда жерлесіміз венгриялық Ласло Фелфолдимен кездесті. Тойбай айқын жеңіспен келесі кезеңге өтті. Бірінші раундта Дамир қарсыласын нокдаунға жіберді.

Ал екінші раундта мажарлық канвасқа құлады. Бұдан соң боксшының командасы рингке орамал лақтырды. Бұған дейін старттық жекпе-жекте өз салмақ дәрежесінде Айдос Арапов (52 кг) пен Ермахан Жакпеков (75 кг) жеңіске жеткен болатын.



 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

20 наурыз

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде