{metadescription}
Талдықорғанда әскери қызметкерді басынан атып өлтірген

Талдықорғанда әскери қызметкерді басынан атып өлтірген

Талдықорғанда 36 жастағы әскери қызметкерді басынан атқан күдікті ұсталды.

Оқиға былтыр 24 желтоқсанда кешкі уақытта "Қаратал" шағынауданында болған. Полицияға көшеде ер адамның денесі табылғандығы жөнінде хабарлама келіп түскен. Қаза болған ер адам Талдықорғанға жақын маңдағы әсери бөлімде қызмет еткен. Полицейлер ҚР ҚК 99-бабы «кісі өлтіру» дерегі бойынша қылмыстық іс қозғап, жедел топ жылдам әрекет етуге кірісті. Бұл іс облыстық полиция департаменті басшыларының қадағалауында болды.

Талдықорған қалалық полиция басқармасының басшысы Асқар Нұрсапаның айтуынша, күдікті қайтыс болған азаматпен бір әскери бөлімде қызмет еткен. Сондай-ақ Қаратал өзеніне лақтырып жіберген 16-шы калибрлі аңшы шолақ мылтығы табылып, іске айғақ зат ретінде тіркелген. Полиция департаментінің баспасөз қызметі сотқа дейінгі тергеу облыстық тергеу басқармасының өндірісінде екен айтты.


 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

20 наурыз

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде