Ойын салонында атыс болып, 8 адам мерт болды
Белгісіз адамдар дүйсенбі күні Мексиканың батысындағы Мичоакан штаты Уруапан қаласындағы ойын салонына келушілерге оқ жаудырды.
12:22 04.02.2020
Бұл туралы аймақтың қоғамдық қауіпсіздік басқармасы Twitter парақшасында мәлім етті. Шабуыл салдарынан 8 адам, оның ішінде 2 бала қаза тапты.
«Ла-Магдалена ауданындағы шабуылдан кейін Қорғаныс министрлігі, Ұлттық гвардия және аймақ прокуратурасымен бірігіп жұмыс режімін күшейттік», - дейді қуіпсізідік басқармасындағылар.
Мұндай әрекетке не түрткі болғаны жарияланбады. Шабуыл жасаған адамдар оқиға орнынан ізін суытып үлгерген. Билік өкілдері оларды іздестіріп жатыр.
Дереккөз: ҚазАқпарат
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!