{metadescription}
Боранды күндері жолға шыққан жүргізушілерге айыппұл салынуы мүмкін

Боранды күндері жолға шыққан жүргізушілерге айыппұл салынуы мүмкін

Қазақстанда тас жолдардың жабылғанына қарамастан жолға шығатын жүргізушілерге айыппұл салынуы мүмкін.

Ішкі істер министрлігі жаңа норма енгізу мәселесін талқылап жатыр.

«Бұл сұрақ бойынша бізде талқылау жүріп жатыр. Естеріңізде болса, Владимир Божко төтенше жағдайлар министрі болғанда (қазіргі кезде Мәжілістің вице-спикері) ауа-райының қолайсыздығына байланысты жол жабылғанда тыңдамай шығып кететін жүргізушілерге айыппұл салу туралы ұсыныс айтқан болатын. Бүгінгі таңда бұл мәселе қайта көтеріліп жатыр», - дейді ҚР ІІМ ТЖ комитетінің төрағасы Владимир Беккер үкімет отырысынан кейін тілшілерге берген жауабында.

Оның айтуынша, бұл ережені әкімшілік жауапкершілік кодексіне енгізу ұсынылғанын атап өтті.

 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

20 наурыз

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде