Түркістан облысында судья пара алып жатқан жерінен ұсталды
Түркістан облыстық сотының қылмыстық істер жөніндегі апелляциялық сот алқасының судьясы Әшірбек Шәріпұлы Рахымбаев пара алып жатқан жерінен ұсталды.
14:08 04.02.2020
ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті ҚР Жоғарғы сотының ішкі қауіпсіздік бөлімімен бірлесіп, Түркістан облысында сыбайлас жемқорлық әрекетінің жолын кесті.
"Атап айтқанда, А.Рахымбаев сотталушының жазасын жеңілдетуде заңсыз жәрдем көрсеткені үшін елеулі мөлшерде пара алған. 2020 жылғы 31 қаңтарда Түркістан қаласында А.Рахымбаев пара алу кезінде қылмыс үстінде ұсталып, жасаған қылмысын толықтай мойындады. Пара алу фактісі сондай-ақ жасырын тергеу іс-қимыл материалдарымен дәлелденеді (аудио, бейнетіркеу)", - делінген хабарламада.
ҰҚК органдары ҚР Қылмыстық кодексінің 366-бабының 2-бөлігі ("Пара алу") бойынша сотқа дейінгі тергеуді жалғастырады.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!