Ақтауда дәмхананың ішінде атыс болды
Ақтауда белгісіз екі адам бетперде киген күйі дәмханаға басып кіріп, ол жерде атыс ұйымдастырған.
16:08 04.02.2020
Оқиға 2-ақпан күні қаладағы караокеде орын алған. Олардың дәмханаға бетперде киіп кіріп келе жатқандығы бейнебақылау камераларына түсіп қалған. Келіп түскен ақпаратқа сәйкес екеуінің де қарулары болыпты, біреуі ішімдікке тойып алғандығы анықталыпты. Полиция департаменті оқиға жайлы түсініктеме берді. Қазіргі уақытта оқ атқан ер адамдардың іздестірілуде екен.
"07:30-да Ақтау қалалық ПБ бөліміне 07:00 шамасында белгісіз екі ер адам бетперде киіп кафеге қару ұстап кіргенін айтады. Олар Grammy's караоке-барының еденіне екі рет мылтық атып, оқиға орнынан бой тасалаған. Осы дерекке қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 293-бабының 3-бөлігі бойынша тергеу шаралары жүріп жатыр. Тергеу барысында бейнебақылау камералары түсірген видеолар мен атылған оған тәркіленген. Қазіргі уақытта күдікті тұлғаларды анықтау және ұстау үшін жедел-іздеу шаралары жүріп жатыр", - деді полицейлер.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!