Оқушылардың хиджаб тағуына қарсы болған мектеп директоры жұмыстан қуылды
Жоғарғы сыныптағы секілді бастауыш сыныптарда да мұсылман оқушылардың қарасы көп.
17:47 04.02.2020
Христиан дінін ұстанатын елдің бірінде хиджаб тағып келуге тыйым салынған мектептің директоры жұмыстан қуылды. Бастауыш сынып оқушыларына мектепке шариғат шәлісін жамылып келуге тыйым салған аталған білім ордасының директоры жұмысынан қуылды. Бұрындары Лондон қаласының шығысында орын тепкен әулие Стивен атындағы мектеп бастауыш сынып бойынша білім үлгерімі жағынан рейтингте бірінші орыннан көрінген болатын.
Жоғарғы сыныптағы секілді бастауыш сыныптарда да мұсылман оқушылардың қарасы көп. Алайда, мектеп әкімшілігінің жетекшісі Ариф Кауи ата-аналардың аталған тыйымға қатысты арыз-шағымынан кейін қызметінен кетуіне тура келген.
Дереккөз: sn.kz
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!