{metadescription}
Атырауда бейнебақылау камерасына қарақшылық шабуыл түсіп қалған

Атырауда бейнебақылау камерасына қарақшылық шабуыл түсіп қалған

Таралып жатқан видеоға пікір білдіргендер қарақшылық шабуыл "Нұрсая" шағын ауданында жасалғанын айтады   

Атыраудағы үйлердің бірінің бейнебақылау камерасына түсіп қалған видео әлеуметтік желіде жылдам таралып кетті. Роликтен әйел есікті аша бергенде баспалдақтан әлдебір еркек түсіп, үй иесінің қарсылығына қарамастан, артынан пәтерге кіргенін көруге болады. Қаскүнемге әйелді аңдып келген сыбайласы көмектеседі.

Қас қағым сәттен кейін қарақшыларды пәтерден ер адам итеріп шығарады, оған бала-шағасы көмектеседі, жанжал басталады. Қылмыскерлердің бірі дереу бой тасалаған, екіншісі әрең дегенде қашып құтылады. Видеодағы уақытқа қарағанда, 3 ақпан күні сағат 18:46-да болған. Атырау облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі кейінірек міндетті түрде ақпарат беруге уәде етті.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

20 наурыз

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде