Самара-Шымкент тас жолында автобус аударылып қалды
Автобус күзет қызметкерлерін тасымалдаған.
10:37 05.02.2020
Cамара-Шымкент тас жолында көктайғақ салдарынан автобус аударылды.
«4 ақпанда сағат 14:00 шамасында Хромтау қаласынан 5 шақырым жерде «Неоплан» маркалы автобус жолдың тайғақ учаскесінде аударылып қалды. Автобус күзет қызметкерлерін тасымалдаған. Жол-көлік оқиғасы салдарынан зардап шеккендер жоқ», - деп мәлім етті облыстық ПД баспасөз қызметінің жетекшісі Ерболат Сарқұлов.
Ақтөбе облысының полиция департаменті көлік жүргізушілеріне жолда сақ болуға және жылдамдық пен қозғалыс аралығын сақтауды ескертеді.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!