{metadescription}
Қызылорда облысында ата-анасы ұлдарын тас жолда ұмытып кеткен

Қызылорда облысында ата-анасы ұлдарын тас жолда ұмытып кеткен

Қызылорда облысында ата-аналар өз баласын суық күні тас жолда ұмытып кетіпті.

Оқиға 1 ақпан күні түнгі 23:30 шамасында болған. Полицейлер Шиелі ауданындағы Сунақ ата ауылының маңында баланы байқаған. Баланы Шиелі аудандық полиция бөліміне жеткізіп, одан қалай далада қалып қалғандығы жайлы сұрастырыпты. 

9 жасар баланың сөзінше, олар отбасымен бірге көлікпен келе жатқан. Біраздан кейін жанұя көліктерін тоқтатып, жеткіншектің ата-анасы көліктен түскен. Осы кезде көліктің артында ұйықтап келе жатқан бала да өздерінің жол шетінде тоқтап тұрғанын байқап, дәрет сындыруға сыртқа шығыпты. Ата-анасы баласының көліктің артқы бөлігінде отыр деп, ары қарай жүріп кеткен.

Баламен сөйлескеннен кейін, полицейлер оның ата-анасын іздей бастаған. Кейінірек баланың ата-анасы табылды. Полицейлер баланы әке-шешесіне тапсырды. Олар сол кезде ғана өз салғырттығынан баласынан айырылып қалуы мүмкін екенін сезінген. Олар Ресей азаматтары екен және Тәжікстанға қарай бағыт алған. Олар баланың ата-анасы екені туралы барлық құжатты көрсеткен. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

20 наурыз

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде