{metadescription}
Әлемдегі ең әдемі ер адам анықталды

Әлемдегі ең әдемі ер адам анықталды

Әйгілі британдық актер Роберт Паттинсон әлемдегі ең әдемі адам деп танылды.

Жұлдыз басқа танымал актерлерден, Генри Кавилл, Брэдли Купер, Брэд Питт және Джордж Клуниден озып кетті. Косметикалық және пластикалық хирургия орталығының жетекшісі Джулиан Де Сильва алтынның қатынасы принципіне негізделген ең сымбатты адамды есептеу әдісін ұсынды. Компьютерлік бағдарламалардың көмегімен ол идеалды тұлғаларды есептейді.

Оның есептеулеріне сәйкес 33 жастағы Роберт Паттинсонның параметрлері 92,15% идеалға жақын. Оның бет-әлпеті симметриялы. Оның ерні, әукесі, көзі және бетінің басқа да бөліктерінің тартымдылығы ескерілген. "Ведьмак" жұлдызы Генри Кавилл 91,64 пайызбен екінші болды, Брэдли Купер 91,08 пайызбен үшінші, ал Брэд Питт 90,51 пайызбен төртінші орынды қанағат тұтты.

Сымбатты ер адамдар тізімінің ондығына енгендер:

1. Роберт Паттинсон - 92,15 пайыз.
2. Генри Кавилл - 91,64 пайыз.
3. Брэдли Купер - 91,08 пайыз.
4. Брэд Питт - 90,51 пайыз.
5. Джордж Клуни - 89,91 пайыз.
6. Хью Джекман - 89,64 пайыз.
7. Дэвид Бекхэм - 88,96 пайыз.
8. Идрис Эльба - 88,01 пайыз.
9. Канье Уэст - 87,94 пайыз.
10. Райан Гослинг - 87,48 пайыз.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.