{metadescription}
Ақсайда жастар төбелесіп, үшеуі пышақ жарақатын алды

Ақсайда жастар төбелесіп, үшеуі пышақ жарақатын алды

Ақсай қаласында жастар жаппай төбелесіп, үшеуі пышақ жарақатын алды.

БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, оқиға 3 ақпан күні орын алды. Сағат 08.10 шамасында Бөрлі аудандық орталық ауруханасына 1994, 1997 және 1997 жылғы жастар пышақ жарақатымен жеткізілген. Соның ішінде 26 жастағысы ауруханаға жатқызылып, қалған екеуі дәрігерлер қарағаннан кейін үйлеріне жіберілді.

Осы қылмысқа күдікті ретінде Ақсай қаласының 1996, 1997, 1996 және 2001 жылғы тұрғындары ұсталды. Қазіргі кезде ҚР ҚК 106-бабы 2-бөлігіне (екi немесе одан да көп адамға қатысты денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтiру) сәйкес қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізілуде.

Дереккөз: ҚазАқпарат

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде