Қорғаныс министрлігінің генерал-майоры Қайрат Көпбаев екі айға қамалды
Қорғаныс министрлігінің пара алды деген күдікке ілінген генерал-майоры Қайрат Көпбаев екі айға үйқамаққа алынды.
08:00 06.02.2020
Қорғаныс министрлігі айтылған жайтты растап отыр.
«Жемқорлыққа қарсы келісім аясында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігімен бірлесе жүргізген шаралардың арқасында ҚР Қорғаныс министрлігінің кадрлар департаментінің бұрынғы бастығы – генерал-майор Көпбаев ұсталып, қазір оған қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Қазіргі уақытта генерал-майор Көпбаевқа қатысты 2 ай мерзімге үйқамақта ұстау бұлтартпау шарасы қолданылды», - деп мәлімдеді ҚР Қарулы күштері әскери полициясы бас басқармасы бастығының орынбасары Бекен Шынтілеуов.
Сөзінше, БАҚ-та генерал-майор Көпбаевтың кадрлар және әскери білім департаментін басқаратыны жайлы ақпарат тарап кеткен.
«Бұл мәлімет дұрыс емес. Лауазымды қызмет пен әскери атағына қарай оның лауазымы – ҚМ кадрлар департаментінде болған. Оның әскери білім департаментіне қатысы жоқ», - деді Бекен Шынтілеуов.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!